
Испанова Ләззат Сарқытбайқызы
Қаратал аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1969 жылы 16 қарашада Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келді.
1988 жылы Панфилов педагогикалық училищесін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша, 2015 жылы Тараз қаласындағы инновациялық-гуманитарлық университетін бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1988 жылы Молалы станциясында М.Әуезов атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастады.
1992-1993 жылдары Үштөбе қаласы А.Пушкин атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, 1993-1995 жылдары Молалы станциясында М.Әуезов атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, 1995-1997 жылдары Үштөбе қаласы К.Тоқаев атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, 1997-2008 жылдары Үштөбе қаласы І.Есенберлин атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, 2008-2010 жылдары Талдықорған қаласы №25 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі, 2010-2011 жылдары Тельман орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі, 2011-2013 жылдары І.Есенберлин атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, 2013-2015 жылдары С.И.Морозов атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, 2015-2017 жылдары К.Тоқаев атындағы орта мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2017-2019 жылдары А.Пушкин атындағы орта мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2019-2020 жылдары К.Тоқаев атындағы орта мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2020 жылдан бастап К.Тоқаев атындағы орта мектебінің директоры.
Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде №5 сайлау округі сайлаушыларының еркін білдіреді, оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындау жұмысына қатысып, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.
Қаратал аудандық мәслихатының жоспарлау, бюджет пен қаржы, экономикалық реформа, шаруашылық қызмет, құрылыс, ауыл шаруашылығы, экология, жерді пайдалану, табиғат қорғау және табиғи қорды ұтымды пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының хатшысы.
«ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен, білім саласындағы көпжылғы белсенді еңбегі үшін «Үздік ұстаз» төсбелгісімен, аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың Алғыс хаттарымен наградталған.





