Бөлім басшысы
Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы
Жалпы ақпарат, білімі Ерташов Марат Жарысқасынұлы 29 наурыз 1972 жылы Қалжан Ахун ауылы, Сырдария ауданы, Қызылорда облысында дүниеге келген. 1979 – 1989 жылдары Қалжан Ахун ауылындағы №126 В.И. Чапаев атындағы орта мектепте оқыған. 1989 – 1994 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы Жамбыл гидромелирация құрылыс институтының филиалында Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтының суармалы жерлерді өңдеу жұмыстарын механикаландыру мамандығы бойынша білім алып, инженер-механик квалификациясы берілді. 2002 - 2004 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне түсіп, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша толық курсын бітіріп, «Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» деген біліктілік берілді. Отбасылы, 3 ұл 1 қыз тәрбиелеп отыр.