Сырдария ауданының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    « Сырдария ауданы әкімінің аппараты » коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сырдария ауданы әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Алданбаудың амалдары

    Бүгінгі күні өмірімізді ұялы телефонсыз елестету мүмкін емес. Ал олардың өндірушілері күн сайын жаңаларын жарнамалайды. Жаңа заманауи телефон алу – көптеген адамдардың арманы, тіпті кейбіреулер ол үшін банктен несие алуға дайын. Ал сол телефон сынып қалса өте өкінішті. Ал бұл ретте тұтынушылар аталған келенсіздікті жою үшін сауда орталығына барып, сынған ұялы телефонды басқасына ауыстыруға немесе ақаулы тауарды кері қайтаруға тырысады, бірақ сатушылар тауарды қайта алудан бас тартады. Сатушылар заң талаптарын орындауға асықпайды. Мұның бәрі тұтынушылар көбіне сауда жасаған кезде сатып алынған растайтын құжаттардың алмауынан болады. Чектерді де, кепілдік талондарын да алмайды. Егер тұтынушы қолына құжаттарды алмаса, өз - өзіне проблема тауып алады. Чекте, ең алдымен сатушының барлық деректемелері көрсетіледі, телефон сынып қалған жағдайда оны тауып алу да қиындық тудырмайды. Екіншіден чек – бұл сіз телефонда дәл сол сауда нүктесінен сатып алғандығыңыздың дәлелі. Кепілдік талоны – ол да сатып алғандығыңызды дәлелдейтін құжат. Осы жерде сатып алушы мұқият болуы керек, талонда мөр басылғанын, бар болса қандай мөр екенін тексеріп алуы қажет. Егер құрылғы істен шығып қалса, ол құжаттар сізге ауадай қажет болады. Әрине, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» қолданыстағы заңға сәйкес, егер қажетті чек пен кепілдік талоны жоғалып қалса, тауарды сатып алу фактісін дәлелдеу үшін тұтынушы куәгерлерді тартуына болады. Дегенмен чек пен кепілді талонды сақтап қою әлдеқайда оңай. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға сәйкес сатып алушы сынған телефонды соның жұмыс істеп тұрған баламасына ауыстырып беруді талап ете алады. Сондай-ақ, тұтынушы басқа ұйым жүргізетін телефонды жөндеуге ақша төлеуді немесе ақаулы телефонның құнын қайтаруды талап ете алады. Бірақ осылардың біреуін тандауы қажет. Сонымен қатар, телефонның ақаулы екенін және де сіз оны құлатып не суға түсіріп алмағаныңызды да дәлелдеу керек. Сараптамаларды сервис орталықтары мен арнайы аккредиттелген ұйымдар жүргізеді. Егер телефон ақаулығында сатып алушының кінәсі жоқ екендігі анықталса, онда сатушы телефонды ауыстыру немесе ақшасын қайтару бойынша сатып алушының талаптарын орындайды. Егер сараптама қорытындылары күмән туғызса, онда өз есебіңізден басқа сервис орталығының көмегімен телефонның техникалық жағдайына тәуелсіз бағалау жүргізе аласыз. Ал тұтынушының қолында сараптама нәтижелері мен басқа да құжаттары болса, онда оның сотта жеңіп шығу мүмкіндігі айтарлықтай артады. Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз! ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Қызылорда облысы, Қызылорда қ., И.Журба көшесі №12 ғимарат, 3-қабат, жедел желі телефоны: 8(7242)71-15-30, 71- 15-69. Инстаграмм: dzppkyzylorda Фейсбук: ДзппКызылорда

    9 қараша 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Техникалық жағынан күрделі тауар

    "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 87-VII Заңымен "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда қолданыстағы заңнамаға көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, су және әуе кемелерін техникалық жағынан күрделі тауарларға жатқызатын жаңа норма енгізілді. Осыған сәйкес мынадай ұғым енгізілді: «өзін қосылыстың мәні айқындайтын мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік беретін бір тұтасты құрайтын көптеген конструкциялық және (немесе) әртекті элементтерді қамтитын, техникалық жағынан күрделі ішкі құрылымы бар азық-түлік емес тауар, оған тек қана көлік құралдары, ауыл шаруашылығы техникасы, су және әуе кемелері жатады». Осылайша техникалық жағынан күрделі тауарға және оның құрамдасына қатысты тұтынушы техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігі болған жағдайда ғана ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды не сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (модельді, артикулді) дәл сондай тауарға ауыстыруды, не шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшаны қайтаруды талап етуге құқылы. Техникалық жағынан күрделі тауарға байланысты қалған жағдайларда тұтынушы тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды не айырманы тиісінше қайта есептей отырып, сатып алу бағасын мөлшерлес азайтуды талап етуге құқылы. Бұл ретте заң шығарушы техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігін белгіледі, оған – техникалық жағынан күрделі тауардың жойылмайтын кемшілігі немесе мөлшерлес емес шығыстарсыз немесе қосалқы бөлшекті беруді күту уақытын қоса алғанда, заңда белгіленген мерзімнен асатын немесе тұтынушы үшін мұндай жоюдың өзектілігі жоғалатындай немесе тауарды нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға мүмкін етпейтіндей соншалықты созылатын уақыт шығындарынсыз жоюға келмейтін кемшілігі не тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келтіруге алып келуі мүмкін кемшілік. Сонымен қатар, заң шығарушы тұтынушының сатып алу-сату шартын бұзу және техникалық жағынан күрделі тауарларды ауыстыру туралы талаптарын орындау мерзіміне өзгерістер енгізді.Тұтынушы техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігін анықтаған және ол шартты бұзу және тауар үшін төленген ақшаны қайтару туралы талап қойған жағдайда, техникалық жағынан күрделі тауарды және оның құрамдасын сатушы (дайындаушы, орындаушы) осы талапты үш жұмыс күні ішінде қанағаттандыруға міндетті. Тұтынушы техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігін анықтаған және оны ауыстыру туралы талап қойған жағдайда, техникалық жағынан күрделі тауарды және оның құрамдасын сатушы (дайындаушы, орындаушы) осы талапты отыз жұмыс күні ішінде қанағаттандыруға міндетті. Бұл ретте сатушы тұтынушының қойған талаптарымен келіспеген кезде сәйкестікті растау жөніндегі органдарға не сынақ зертханаларына техникалық жағынан күрделі тауардың қауіпсіздігін және (немесе) сапасын қосымша тексеруге (сараптамаға) жіберген жағдайда, техникалық жағынан күрделі тауарды қайтару немесе айырбастау жөніндегі мерзім тексеру (сараптама) жүргізілген уақытқа тоқтатыла тұрады. Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!

    3 қараша 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Жәрмеңкеге шақыру!

    ҚҰРМЕТТІ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ҚОНАҚТАРЫ! Сіздерді 2026 жылдың 31 қазан күні «Алтын күз-2026» мерекесіне арналған «Алтын дән – ел ырысы» атты мәдени іс-шаралардың құрметті мейманы болуға шақырамыз! БАҒДАРЛАМАСЫ 9.30–10.00 – Ауыл шаруашылығы өнімдерінен дайындалған көрмелермен танысу. 10.00–10.30 – Театрландырылған қойылым, ауыл шаруашылығы озаттарын марапаттау рәсімі. 10.30–11.00 – Аудан өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасы. 9.00–12.00 – Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі. Өтетін орны: Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, ОРТАЛЫҚ СТАДИОН

    30 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Сатушының (дайындаушының, орындаушының) сатушы туралы, уәкілетті орган және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері туралы, сондай-ақ өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін тұтынушының оларға жүгіну құқығы туралы ақпараттарды қазақ және орыс тілдерінде орналастыру жөніндегі міндеттері

    Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңына сәйкес Сатушы өзінің байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін) және уәкілетті органның байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін), тауарларды өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) шарттарын, сондай-ақ сатушының тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты беру міндеті туралы ақпаратты тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында қазақ және орыс тілдерінде орналастыра отырып, көрсетілген ақпаратты тұтынушының назарына жеткізуге міндетті. Сонымен қатар, Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін), сондай-ақ тұтынушының өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін оларға немесе сотқа жүгіну құқығы туралы ақпаратты орналастыруға міндетті. Осыған байланысты тұтынушы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сатушыдан аталған ақпараттарды сұратуға толық құқығы бар. Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз! ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Қызылорда облысы, Қызылорда қ., И.Журба көшесі №12 ғимарат, 3-қабат, жедел желі телефоны: 8(7242)71-15-30. Инстаграмм: dzppkyzylorda Фейсбук: ДзппКызылорда

    28 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Жәрмеңкеге шақыру!

    Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары! Сіздерді Сырдария ауданының ұйымдастыруымен өтетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне шақырамыз! 26 қыркүйек 2026 жыл 09:00–13:00 «Тағзым алаңында» (Д. Қонаев пен Е. Әуелбеков көшелерінің аралығы) Жәрмеңкеде ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек және басқа да табиғи өнімдер ұсынылады. Келіңіздер! Сапалы өнім – қолжетімді баға!

    24 қыркүйек 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жерді уақытша пайдалануға қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 35-ші бабына сәйкес, уақытша жер пайдалану құқығы: Жер учаскесi азаматтар мен заңды тұлғаларға уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы 5 жылға дейiнгi мерзiмге беріледі. Осы Кодексте көзделген шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жағдайларын қоспағанда, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін. Арнайы экономикалық аймақты орналастыру үшін пайдаланылатын жерлер бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компанияларына арнайы экономикалық аймақты құру мерзіміне беріледі. Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты орналастыру үшін пайдаланылатын жерлер бойынша уақытша жер пайдалану құқығы республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компанияларына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының индустриялық аймақ құру туралы шешімінде айқындалған мерзімге, бірақ кемінде 20 жылға беріледі. Елді мекен шегінде объектілер салу үшін пайдаланылатын жерлер бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы кемінде үш жыл мерзімге беріледі. Уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) шекті мерзімдері осы Кодексте белгіленген уақытша жер пайдалану мерзімдеріне сәйкес жер учаскесiн нысаналы пайдалану ерекшеліктері ескеріле отырып, жалдаушының өтініші негізінде белгiленедi. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ шартты бұзу тәртiбi оның өзiнде көрсетiлген жағдайларда, атқарушы органдардың уақытша жер пайдалану шарттарын бiржақты бұзуына жол берiлмейдi.

    Сұрақ

    МӘМС жүйесінде мемлекет кімдерге жарна төлейді?

    Жауап

    Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға республикалық бюджет қаражатынан жарна балалар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі), жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар, жұмыс істемейтін, мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар, жұмыс істемейтін, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар, зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар, тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар, жұмыс істемейтін қандастар, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, мүгедектігі бар адамдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін төленеді.

    Сұрақ

    Маман бір елді мекеннен екінші елді мекенге жұмыс ауыстырса әлеуметтік қолдау шаралары сақталады ма?

    Жауап

    Үш жылдық мерзiм өткенге дейiн өндiрiстiк жағдайларға немесе әкiмшiлiктiң бастамасы бойынша басқа ауылдық елдi мекендерге (немесе бір ауылдық елді мекеннің шегінде) жұмысқа ауысқан кезде қосымша келісім бойынша міндеттемелер қабылдай отырып, алынған әлеуметтiк қолдау шараларына құқығын сақтауға құқығы бар.

    Сұрақ

    Шағын және орта бизнесті қаржыландыруға байланысты қандай бағдарламалар бар?

    Жауап

    Шағын және орта бизнесті қаржыландыратын негізгі бағдарламалар: «Ауыл аманаты», Өңдеу және өнеркәсіп пилоттық жобасы, Іскер бағдарламасы, Лизинг, Даму өндіріс бағдарламалары.

    Ақпарат

    СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

    СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚСАЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармағына және 113-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес,Сырдария аудандықсайлау комиссиясының 2026 жылғы11 қарашадағы№АСК-269қаулысымен өкілеттік мерзімі аяқталған Ақжарма ауылдық округі әкімін сайлау 2026 жылдың20 желтоқсанғатағайындалды. Сырдария аудандықсайлау комиссиясының 2026 жылғы 11қарашадағы№АСК-269қаулысымен бекітілген Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес ауыл әкіміне кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 12 қарашадан басталады және 2026 жылғы 24 қарашада сағат 18:00-де аяқталады. Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін 2026 жылдың 12 қарашаданбасталады және 2026 жылғы 29 қарашада сағат 18:00-де аяқталады. Сырдария аудандықсайлау комиссиясының құрамы: Орналасқан жеріОрналасқан жері:Сырдария ауданы, Теренөзек кенті, Д.Қонаев көшесі, №9а, Теренөзек кенті әкімі аппаратының қосымша ғимараты. Телефон:8(72436)21-1-60. Электронды пошта:[email protected] Комиссия төрағасы– Шайлан Ермек Мұратбекұлы Төрағаның орынбасары– Парзу Әділет Серікұлы Хатшы– Нұртазаев Ғани Тәңірбергенұлы Комиссия мүшелері:Ахетов Ерлан Дәуітбекұлы, Жақып Еркебұлан Төлепбергенұлы, Қонақбай Гаухар Темірбекқызы, Беймбетов Ержан Бақытұлы. Аудандық сайлау комиссиясының жұмыс уақыты: 09.00-19.00, түскі үзіліс: 13.00-15.00 №162 учаскелік сайлаукомиссиясы Орналасқан жері:Сырдария ауданы, Ақжарма ауылы, Тұрсын Балапанов көшесі №28, ауылдық клубыныңғимараты. Байланыс телефоны:8(72436) 25-6-53. Комиссия төрағасы–Избасаров Дархан Борибаевич Төрағаның орынбасары–Спанов Ерлан Босатқанұлы Хатшысы– Бауыржанқызы Динара Комиссия мүшелері:Темірханов Айтмағанбет Серікбайұлы, Тыныштықбаев Мейірбек Болысбекұлы, Атымтаев Нұрболат Айтмағанбетұлы, Тәжібай Есет Жолбарысұлы. Учаскелік сайлау комиссиясының жұмыс уақыты: 2026 жылғы 29 қарашадан бастап сағат 09.00-19.00, түскі үзіліс: 13.00-15.00 Сырдария аудандық сайлау комиссиясы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сырдария ауданынының 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын іске асыру іс-шаралар жоспарының орындалуы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 20 желтоқсанға тағайындалған Сырдария ауданының Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлауларын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

    2026 жылғы 20 желтоқсанға тағайындалған Сырдария ауданының Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлауларын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ 1. Ақжарма ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкімі) сайлауларын тағайындау Аумақтық сайлау комиссиялары 2026 жылғы 11 қараша (113-1-б. 1-т. 1) т.) 2. Әкім сайлауы жөніндегі тиісті сайлау округінің шекараларын және Аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерін көрсетіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 21 қарашадан кешіктірмей (22-б. 2-т.) 3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 21 қарашадан кешіктірмей (13-б. 4-т.) 4. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2026 жылғы 26 қарашадан кешіктірмей (17-б. 2-т.) 5.Сайлауучаскелерінің шекаралары туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Сырдария ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2026 жылғы 26 қарашадан кешіктірмей (23-б. 5-т.) 6.Әкім болуға кандидаттар ұсыну Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады 2026 жылғы 12 қарашадан басталады және 2026 жылғы 24 қарашада сағат 18:00-де аяқталады (113-3-б.) 7. Әкімге болуға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында(бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау Аумақтық сайлау комиссиясы (4-б. 2-т, 113-2-б.) 8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Әкім болуға кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1) т., 31-б.) 9.Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.) 10. Кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті орган жұмыскерлерін тарта отырып Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 8-т., 9-т.) 11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2026 жылғы 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі Кандидаттар, саяси партиялар (ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.) 12.Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну Кандидат пен оныңжұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) 13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру Мемлекеттік кірістер органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.) 14.Кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Тіркеу үшін барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 2026 жылғы 29 қарашада сағат 18:00-де аяқталады (113-5-б.) 15. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) 16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру Жергiлiктi атқарушы орган және Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) 17.Сайлау алдындағы үгітті жүргізу Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.) 18.Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Жергiлiктi атқарушы орган және Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) 19.Сайлау учаскелері бойынша тиісті әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну Сырдария ауданының әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2026 жылғы 29 қарашада (24-б. 5-т.) 20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2026 жылғы 4 желтоқсаннан бастап (26-б. 1-т.) 21.Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 9 желтоқсанға дейін (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) 22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2026 жылғы 17 желтоқсаннан ерте емес және 19 желтоқсаннан кеш емес (37-б. 3-т.) 23.Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын Сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) 24.Дауыс беруді өткізу Учаскелік сайлау комиссиясы Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, сайлаукүнісағат07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) 25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесі бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау Учаскелік сайлау комиссиясы Сағат 20:00-дебасталады (18-б. 8) т.,43-б.) 26.Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесінің үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) 27.Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы Аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін–дереу (113-8-б. 1-т.) 28.Әкім сайлауларының қорытындыларын белгілеу Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2026 жылғы 23 желтоқсаннан кешіктірмей (113-10-б.) 29.Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2026 жылғы 26 желтоқсаннан кешіктірмей (44-б.) 30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру Сырдария ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2026 жылғы 26 желтоқсаннан кешіктірмей (45-б., 46-б. 3-т. 2) т., 113-11-б. 1-т) Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

    Жарияланды:
    Қаулы

    Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

    Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына сәйкес және113–1-бабы 1–тармағының 1) тармақшасы негізінде Сырдария аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Сырдария ауданы Ақжарма ауылдық округіәкімінің сайлауы 2026 жылғы 20 желтоқсанға тағайындалсын. 2. Сырдария ауданы Ақжармаауылдық округіәкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 3. Осы қаулы аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне жариялансын және Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын. Сырдария аудандық сайлау комиссиясының төрағасыЕ. Шайлан Сырдария аудандық сайлау комиссиясының хатшысыҒ. Нұртазаев Тереңөзек кенті АСК-269 11.11.2026 ж

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сырдария ауданы бойынша Сырдария аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың тіркеу қорытындысы туралы АҚПАРАТ

    Сырдария ауданы бойынша Сырдария аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың тіркеу қорытындысы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 1 қараша сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, тегі Туған жылы Жұмыс орны, лауазымы Тұрғылықты жері Кім ұсынды №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Асқарбекұлы Ербол 1987ж. Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы, басшы, Тереңөзек кенті Өзін-өзі ұсынған 2. Кузербаева Жанар Еркинбековна 1985ж. "Сырдария аграрлы-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, директор Тереңөзек кенті Өзін-өзі ұсынған 3. Сәркеева Жанна Есентұрқызы 1973ж. №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейі, директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Тереңөзек кенті "Әділет" партиясы №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Әжікенов Ержан Ертарғынұлы 1969ж. Сырдария ауданық мәслихаты, төраға А.Тоқмағанбетов ауылы "Әділет" партиясы 2. ЖакыповАйтуар Жадырабаевич 1989ж. «Сыр суы» филиалының Сырдария аудандық оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесі, басшысы Тереңөзек кенті Өзін-өзі ұсынған 3. Сейлов Жанибек Алиаскарович 1982ж. "Сырдария аудандық архивы", басшы Тереңөзек кенті Өзін-өзі ұсынған №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Аманбеков Заманбек Асылбекұлы 2001ж. №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі, мұғалім Тереңөзек кенті Өзін-өзі ұсынған 2. Ибрагимұлы Ақтөре 1993 ж. "Әділет" партиясы Сырдария аудандық филиалы, төраға Тереңөзек кенті "Әділет" партиясы 3. ҚилимхановАбылайхан Абдуахитұлы 1997 ж. Әуез мектебінің домбыра пәнінің мұғалімі Тереңөзек кенті Өзін-өзі ұсынған №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Берденова Алия Токшылыковна 1988 ж. "Айгөлек" бөбекжай балабақшасы, меңгеруші Тереңөзек кенті Өзін-өзі ұсынған 2. КонысбаевАйбек Жуманазарович 1981 ж. Сырдария аудандық мәдениет үйі, әдіскер Тереңөзек кенті Өзін-өзі ұсынған 3. Ұлтанбекұлы Болатбек 1979 ж. Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме, басшы Терңөзек кенті "Ақ жол" партиясы №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. АлтынбекҚанат Алтынбекұлы 1996 ж. Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімі аппаратының әдіскері С.Сейфуллин ауылы Өзін-өзі ұсынған 2. Есназар Алмас Зейноллаұлы 1967 ж. Білім қызметкерлерінің Сырдария аудандық кәсіп одақ комитеті, төраға Тереңөзек кенті "Әділет" партиясы 3. Разаков Дархан Жубанышович 1984 ж. Қалжан ахун ауылдық клубы, меңгеруші Тереңөзек кенті Өзін-өзі ұсынған №6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. АхметовАлтынбек Райбекович 1970ж. «Ахметов» шаруа қожалығының төрағасы Іңкәрдария ауылы Өзін-өзі ұсынған 2. Бисенов Марат Алдабергенович 1968ж. "Ақжарма-2" Шаруа қожалығы, төраға Ақжарма ауылы "Әділет" партиясы 3. Ержанов Айбол Төребекұлы 1981ж. Ақжарма ауылдық округі әкімі аппараты, бас маман Тереңөзек кенті Өзін-өзі ұсынған №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Алиев Дархан Абуталипович 1986ж. Өнер мектебі, директор Шаған ауылы Өзін-өзі ұсынған 2. Жанабаева Галия Умербаевна 1986ж. №37 мектеп-лицейі, директор Шаған ауылы "Әділет" партиясы 3. Тилеугабилова Жанат Оразбековна 1978ж. "Балбөбек" бөбекжай балабақшасы, меңгеруші Шаған ауылы Өзін-өзі ұсынған №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Ералиев Еркебулан Дарханович 1985ж. «Магжан и К» ЖШС, директор Қызылорда қаласы "Әділет" партиясы 2. Таутенов Байдилда Нурылдаевич 1990ж. "Сыр дәні" шаруа қожалығы, гидротехниг Н.Ілиясов ауылы Өзін-өзі ұсынған 3. Туранов Нурбол Мухратович 1991ж. Нағи Ілиясов ауылдық мәдениет үйі, директор Нағи Ілиясов ауылы Өзін-өзі ұсынған №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Абубакирова Гулназым Кенжебайқызы 1991ж. "Шаттық" бөбекжай бала бақшасы КМКҚ меңгеруші міндетін атқарушы Қоғалыкөл ауылы "Әділет" партиясы 2. Жаппасбаев Елдос 1993ж. "Қоғалыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының Қоғалыкөл ауылдық клубы", басшы С.Сейфуллин ауылы Өзін-өзі ұсынған 3. Ибадуллаева Динара Дуйсенбековна 1981ж. "Ауыл" партиясы Қызылорда облысы бойынша өңірлік филиалы, аппарат басшысы Қоғалыкөл ауылы "Ауыл" партиясы №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Әбдікерова Сая Сәкенқызы 1992ж. Бесарық ауыл округі әкімі аппараты, салықшы Бесарық ауылы Өзін-өзі ұсынған 2. Каренеев Шархан Ермекович 1982ж. №147 орта мектептің әкімшілік-шаруашылық бөлімі, меңгеруші Бесарық ауылы "Ауыл" партиясы 3. Турлыбеков Жасулан Абдрашатович 1986ж. "Мади Қажы атындағы" ЖШС, төраға Қызылорда қаласы "Әділет" партиясы №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Абдуллаев Мейрамбек Абдукаримович 1971ж. Аманкелді ауылдық өнер мектебі, директор Аманкелді ауылы Өзін-өзі ұсынған 2. Каскиев Руслан Жанайдарович 1976ж. ТОО АКЗ LTD, директор Қызылорда қаласы "Әділет" партиясы 3. Серікбаев Бексұлтан Өмірбекұлы 1995ж. "Аманкелді ауылдық округі әкімі аппараты", әдіскер Аманкелді ауылы Өзін-өзі ұсынған №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Асанова Балзарина Нургалиевна 1991ж. Айдарлы ауылдық округінің кітапханасы, кітапханашы Айдарлы ауылы Өзін-өзі ұсынған 2. Накипова Жулдызай Есболатовна 1979ж. "Нұр-сәби" бөбекжай балабақшасы, меңгеруші Айдарлы ауылы Өзін-өзі ұсынған 3. Смайлова Гулбану Жаксиликовна 1971ж. №174 орта мектебі, директор Айдарлы ауылы "Әділет" партиясы

    Жарияланды:
    Шешім

    Шаруа немесе фермер қожалығын,ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану(жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындысы туралы жер комиссиясының ХАТТАМАЛЫҚ ШЕШІМІ

    Жарияланды: