Бүгінгі күні өмірімізді ұялы телефонсыз елестету мүмкін емес. Ал олардың өндірушілері күн сайын жаңаларын жарнамалайды. Жаңа заманауи телефон алу – көптеген адамдардың арманы, тіпті кейбіреулер ол үшін банктен несие алуға дайын. Ал сол телефон сынып қалса өте өкінішті.
Ал бұл ретте тұтынушылар аталған келенсіздікті жою үшін сауда орталығына барып, сынған ұялы телефонды басқасына ауыстыруға немесе ақаулы тауарды кері қайтаруға тырысады, бірақ сатушылар тауарды қайта алудан бас тартады. Сатушылар заң талаптарын орындауға асықпайды.
Мұның бәрі тұтынушылар көбіне сауда жасаған кезде сатып алынған растайтын құжаттардың алмауынан болады. Чектерді де, кепілдік талондарын да алмайды. Егер тұтынушы қолына құжаттарды алмаса, өз - өзіне проблема тауып алады. Чекте, ең алдымен сатушының барлық деректемелері көрсетіледі, телефон сынып қалған жағдайда оны тауып алу да қиындық тудырмайды. Екіншіден чек – бұл сіз телефонда дәл сол сауда нүктесінен сатып алғандығыңыздың дәлелі. Кепілдік талоны – ол да сатып алғандығыңызды дәлелдейтін құжат. Осы жерде сатып алушы мұқият болуы керек, талонда мөр басылғанын, бар болса қандай мөр екенін тексеріп алуы қажет.
Егер құрылғы істен шығып қалса, ол құжаттар сізге ауадай қажет болады. Әрине, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» қолданыстағы заңға сәйкес, егер қажетті чек пен кепілдік талоны жоғалып қалса, тауарды сатып алу фактісін дәлелдеу үшін тұтынушы куәгерлерді тартуына болады. Дегенмен чек пен кепілді талонды сақтап қою әлдеқайда оңай.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға сәйкес сатып алушы сынған телефонды соның жұмыс істеп тұрған баламасына ауыстырып беруді талап ете алады. Сондай-ақ, тұтынушы басқа ұйым жүргізетін телефонды жөндеуге ақша төлеуді немесе ақаулы телефонның құнын қайтаруды талап ете алады. Бірақ осылардың біреуін тандауы қажет. Сонымен қатар, телефонның ақаулы екенін және де сіз оны құлатып не суға түсіріп алмағаныңызды да дәлелдеу керек. Сараптамаларды сервис орталықтары мен арнайы аккредиттелген ұйымдар жүргізеді. Егер телефон ақаулығында сатып алушының кінәсі жоқ екендігі анықталса, онда сатушы телефонды ауыстыру немесе ақшасын қайтару бойынша сатып алушының талаптарын орындайды. Егер сараптама қорытындылары күмән туғызса, онда өз есебіңізден басқа сервис орталығының көмегімен телефонның техникалық жағдайына тәуелсіз бағалау жүргізе аласыз. Ал тұтынушының қолында сараптама нәтижелері мен басқа да құжаттары болса, онда оның сотта жеңіп шығу мүмкіндігі айтарлықтай артады.
Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Қызылорда облысы, Қызылорда қ., И.Журба көшесі №12 ғимарат, 3-қабат, жедел желі телефоны: 8(7242)71-15-30, 71- 15-69. Инстаграмм: dzppkyzylorda Фейсбук: ДзппКызылорда
Алданбаудың амалдары
- Кезең
- Алматы уақыты (UTC+5)
- Мәртебе
- Аяқталды
- Формат
- Тікелей
Ұқсас материалдар
Жәрмеңкеге шақыру!
Техникалық жағынан күрделі тауар
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 87-VII Заңымен "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізілді. Атап айтқанд...
Жәрмеңкеге шақыру!
ҚҰРМЕТТІ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ҚОНАҚТАРЫ!Сіздерді 2026 жылдың 31 қазан күні «Алтын күз-2026» мерекесіне арналған «Алтын дән – ел ырысы» атты мәдени іс-шаралардың құрметті мейманы болуға шақырамыз!БАҒДАРЛАМАСЫ9.30–10.00 – Ауыл шаруашылығы өнімдерінен дайындалған көрмелермен танысу.10.00–10.30 – Театрландыры...
Сатушының (дайындаушының, орындаушының) сатушы туралы, уәкілетті орган және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері туралы, сондай-ақ өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін тұтынушының оларға жүгіну құқығы туралы ақпараттарды қазақ және орыс тілдерінде орналастыру жөніндегі міндеттері
Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңына сәйкес Сатушы өзінің байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін) және уәкілетті органның байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін), тауарларды өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) шарттарын, сондай-ақ сатушының тауа...
Жәрмеңкеге шақыру!
Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары!Сіздерді Сырдария ауданының ұйымдастыруымен өтетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне шақырамыз!26 қыркүйек 2026 жыл09:00–13:00«Тағзым алаңында» (Д. Қонаев пен Е. Әуелбеков көшелерінің аралығы)Жәрмеңкеде ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек және басқа да табиғи өнімдер ұ...
Тұтынушының құқықтары
Күнделікті өмірде әрқайсымыз өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға немесе тапсырыс беруге ниетті тұтынушы – жеке тұлға болып табыламыз. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылдың 4 мамырдағы №274 Заңы (әрі қарай - Заң) тұтыну...
Көппәтерлі тұрғын үй қорын түгендеу және үйлердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру туралы
Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады. Елдің барлық көппәтерлі үйлері мекенжайы, қабаты, пәтерлер мен тұрғын емес үй — жайлар саны, үйдің жай-күйі, лифтілер мен есепке алу аспаптары бар бір тізілімге жинақталатын болады. Жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңды орындау және «Энергетикалық және коммуна...
Заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді
Аудан әкімі аппаратының басшысы Димаш Байдушевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талаптарын түсіндіруге арналған семинар өтті. Семинарға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.Жиынның басты мақсаты – Конституциялық реформаларға сәйкес с...