Техникалық жағынан күрделі тауар

    Кезең
    Алматы уақыты (UTC+5)
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 87-VII Заңымен "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізілді.

    Атап айтқанда қолданыстағы заңнамаға көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, су және әуе кемелерін техникалық жағынан күрделі тауарларға жатқызатын жаңа норма енгізілді. Осыған сәйкес мынадай ұғым енгізілді: «өзін қосылыстың мәні айқындайтын мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік беретін бір тұтасты құрайтын көптеген конструкциялық және (немесе) әртекті элементтерді қамтитын, техникалық жағынан күрделі ішкі құрылымы бар азық-түлік емес тауар, оған тек қана көлік құралдары, ауыл шаруашылығы техникасы, су және әуе кемелері жатады».

    Осылайша техникалық жағынан күрделі тауарға және оның құрамдасына қатысты тұтынушы техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігі болған жағдайда ғана ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды не сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (модельді, артикулді) дәл сондай тауарға ауыстыруды, не шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшаны қайтаруды талап етуге құқылы. Техникалық жағынан күрделі тауарға байланысты қалған жағдайларда тұтынушы тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды не айырманы тиісінше қайта есептей отырып, сатып алу бағасын мөлшерлес азайтуды талап етуге құқылы.

    Бұл ретте заң шығарушы техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігін белгіледі, оған – техникалық жағынан күрделі тауардың жойылмайтын кемшілігі немесе мөлшерлес емес шығыстарсыз немесе қосалқы бөлшекті беруді күту уақытын қоса алғанда, заңда белгіленген мерзімнен асатын немесе тұтынушы үшін мұндай жоюдың өзектілігі жоғалатындай немесе тауарды нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға мүмкін етпейтіндей соншалықты созылатын уақыт шығындарынсыз жоюға келмейтін кемшілігі не тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келтіруге алып келуі мүмкін кемшілік.

    Сонымен қатар, заң шығарушы тұтынушының сатып алу-сату шартын бұзу және техникалық жағынан күрделі тауарларды ауыстыру туралы талаптарын орындау мерзіміне өзгерістер енгізді.Тұтынушы техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігін анықтаған және ол шартты бұзу және тауар үшін төленген ақшаны қайтару туралы талап қойған жағдайда, техникалық жағынан күрделі тауарды және оның құрамдасын сатушы (дайындаушы, орындаушы) осы талапты үш жұмыс күні ішінде қанағаттандыруға міндетті. Тұтынушы техникалық жағынан күрделі тауардың елеулі кемшілігін анықтаған және оны ауыстыру туралы талап қойған жағдайда, техникалық жағынан күрделі тауарды және оның құрамдасын сатушы (дайындаушы, орындаушы) осы талапты отыз жұмыс күні ішінде қанағаттандыруға міндетті. Бұл ретте сатушы тұтынушының қойған талаптарымен келіспеген кезде сәйкестікті растау жөніндегі органдарға не сынақ зертханаларына техникалық жағынан күрделі тауардың қауіпсіздігін және (немесе) сапасын қосымша тексеруге (сараптамаға) жіберген жағдайда, техникалық жағынан күрделі тауарды қайтару немесе айырбастау жөніндегі мерзім тексеру (сараптама) жүргізілген уақытқа тоқтатыла тұрады.

    Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Алданбаудың амалдары

    Бүгінгі күні өмірімізді ұялы телефонсыз елестету мүмкін емес. Ал олардың өндірушілері күн сайын жаңаларын жарнамалайды. Жаңа заманауи телефон алу – көптеген адамдардың арманы, тіпті кейбіреулер ол үшін банктен несие алуға дайын. Ал сол телефон сынып қалса өте өкінішті. Ал бұл ретте тұтынушылар аталған келенсіздікті жою...

    9 қараша 2026 ж.Тікелей
    Іс - шараАяқталды

    Жәрмеңкеге шақыру!

    ҚҰРМЕТТІ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ҚОНАҚТАРЫ!Сіздерді 2026 жылдың 31 қазан күні «Алтын күз-2026» мерекесіне арналған «Алтын дән – ел ырысы» атты мәдени іс-шаралардың құрметті мейманы болуға шақырамыз!БАҒДАРЛАМАСЫ9.30–10.00 – Ауыл шаруашылығы өнімдерінен дайындалған көрмелермен танысу.10.00–10.30 – Театрландыры...

    30 қазан 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Сатушының (дайындаушының, орындаушының) сатушы туралы, уәкілетті орган және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері туралы, сондай-ақ өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін тұтынушының оларға жүгіну құқығы туралы ақпараттарды қазақ және орыс тілдерінде орналастыру жөніндегі міндеттері

    Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңына сәйкес Сатушы өзінің байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін) және уәкілетті органның байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін), тауарларды өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) шарттарын, сондай-ақ сатушының тауа...

    28 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Жәрмеңкеге шақыру!

    Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары!Сіздерді Сырдария ауданының ұйымдастыруымен өтетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне шақырамыз!26 қыркүйек 2026 жыл09:00–13:00«Тағзым алаңында» (Д. Қонаев пен Е. Әуелбеков көшелерінің аралығы)Жәрмеңкеде ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек және басқа да табиғи өнімдер ұ...

    24 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Тұтынушының құқықтары

    Күнделікті өмірде әрқайсымыз өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға немесе тапсырыс беруге ниетті тұтынушы – жеке тұлға болып табыламыз. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылдың 4 мамырдағы №274 Заңы (әрі қарай - Заң) тұтыну...

    22 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Көппәтерлі тұрғын үй қорын түгендеу және үйлердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру туралы

    Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады. Елдің барлық көппәтерлі үйлері мекенжайы, қабаты, пәтерлер мен тұрғын емес үй — жайлар саны, үйдің жай-күйі, лифтілер мен есепке алу аспаптары бар бір тізілімге жинақталатын болады. Жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңды орындау және «Энергетикалық және коммуна...

    28 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді

    Аудан әкімі аппаратының басшысы Димаш Байдушевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талаптарын түсіндіруге арналған семинар өтті. Семинарға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.Жиынның басты мақсаты – Конституциялық реформаларға сәйкес с...

    10 тамыз 2026 ж.Тікелей