Ақжарма ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына сәйкес және 113–1-бабы 1–тармағының 1) тармақшасы негізінде Сырдария аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сырдария ауданы Ақжарма ауылдық округіәкімінің сайлауы 2026 жылғы 20 желтоқсанға тағайындалсын.
2. Сырдария ауданы Ақжармаауылдық округіәкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулы аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне жариялансын және Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.
Сырдария аудандық сайлау
комиссиясының төрағасыЕ. Шайлан
Сырдария аудандық сайлау
комиссиясының хатшысыҒ. Нұртазаев
Тереңөзек кенті
АСК-269
11.11.2026 ж