Жерді уақытша пайдалануға қалай алуға болады?

    Сырдария ауданының әкімдігі

    Сұрақ

    Жерді уақытша пайдалануға қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 35-ші бабына сәйкес, уақытша жер пайдалану құқығы:

    Жер учаскесi азаматтар мен заңды тұлғаларға уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн.

    Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы 5 жылға дейiнгi мерзiмге беріледі.

    Осы Кодексте көзделген шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жағдайларын қоспағанда, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін.

    Арнайы экономикалық аймақты орналастыру үшін пайдаланылатын жерлер бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компанияларына арнайы экономикалық аймақты құру мерзіміне беріледі.

    Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты орналастыру үшін пайдаланылатын жерлер бойынша уақытша жер пайдалану құқығы республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компанияларына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының индустриялық аймақ құру туралы шешімінде айқындалған мерзімге, бірақ кемінде 20 жылға беріледі.

    Елді мекен шегінде объектілер салу үшін пайдаланылатын жерлер бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы кемінде үш жыл мерзімге беріледі.

    Уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалдаудың) шекті мерзімдері осы Кодексте белгіленген уақытша жер пайдалану мерзімдеріне сәйкес жер учаскесiн нысаналы пайдалану ерекшеліктері ескеріле отырып, жалдаушының өтініші негізінде белгiленедi.

    Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ шартты бұзу тәртiбi оның өзiнде көрсетiлген жағдайларда, атқарушы органдардың уақытша жер пайдалану шарттарын бiржақты бұзуына жол берiлмейдi.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    МӘМС жүйесінде мемлекет кімдерге жарна төлейді?

    Жауап

    Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға республикалық бюджет қаражатынан жарна балалар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі), жүктілікке және б...

    Сұрақ

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге бола ма?

    Жауап

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл мәселе бойынша ауданның жер қатынастары саласына жауапты органнан толық ақпарат алуға болады

    Сұрақ

    Жер учаскесін алу үшін қайда жүгіну қажет?

    Жауап

    Жер учаскесін алу мәселесі бойынша азаматтар тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкімдігіне немесе ауданның жер қатынастары саласына жауапты органға белгіленген тәртіппен өтініш бере алады.

    Сұрақ

    Маман бір елді мекеннен екінші елді мекенге жұмыс ауыстырса әлеуметтік қолдау шаралары сақталады ма?

    Жауап

    Үш жылдық мерзiм өткенге дейiн өндiрiстiк жағдайларға немесе әкiмшiлiктiң бастамасы бойынша басқа ауылдық елдi мекендерге (немесе бір ауылдық елді мекеннің шегінде) жұмысқа ауысқан кезде қосымша келісім бойынша міндеттемелер қабылдай отырып, алынған әлеуметтiк қолдау шараларына қ...

    Сұрақ

    Шағын және орта бизнесті қаржыландыруға байланысты қандай бағдарламалар бар?

    Жауап

    Шағын және орта бизнесті қаржыландыратын негізгі бағдарламалар: «Ауыл аманаты», Өңдеу және өнеркәсіп пилоттық жобасы, Іскер бағдарламасы, Лизинг, Даму өндіріс бағдарламалары.

    Сұрақ

    3-топ мүгедектігі бойынша салық төлеуде қандай жеңілдіктер қарастырылған?

    Жауап

    Қазақстанда III топ мүгедектігі бар адамдар үшін салық саласында бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. III топ мүгедектігі бар тұлғалар үшін ай сайын стандартты салықтық шегерім қолданылады.Бұл дегеніміз — табыстың белгілі бір бөлігіне салық салынбайды (шегерім мөлшері айлық есепті...

    Сұрақ

    Е-Өтініш арқылы берілген өтініш қай мемлекеттік органға жіберілетінін азамат өзі таңдай ала ма?

    Жауап

    Иә, өтініш беруші мәселенің мазмұнына сәйкес тиісті мемлекеттік органды таңдап, өтінішін электронды түрде жолдай алады. Егер өтініш қате мемлекеттік органға жолданса, ол құзыретіне сәйкес тиісті органға қайта жолданады.

    Сұрақ

    Тұрғын үй құрылысын салу үшін қандай құжаттарды рәсімдеу керек?

    Жауап

    Қандай да бір құрылыс жұмыстарын жүргізу Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Құрылыс...