
Зұлқарнаев Ернар Зұлқарнайұлы
Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1982 жылы 17 шілдеде Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білім жоғары. 1999 жылы Қызылорда облысындағы Қазақ мемлекеттік заң университетіне түсіп, 2003 жылы «заңтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004-2005 жылы Сырдария аудандық прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. 2005-2009 жылы Қостанай облыстық ІІБ арнайы дайындық курсынан өтіп, Қостанай облысының Ішкі істер Департаменті тергеу бөлімінің тергеушісі, аға тергеушісі қызметін атқарған. 2009-2012 жылы Сырдария аудандық ауруханасында заңгер, 2012 жылы Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маман-заң кеңесшісі, 2012-2015 жылы Қызылорда облысы Әділет департаментінде бас маман, бөлім басшысы, 2016-2017 жылы «Нұр-Әділ Заң кеңсесі» жеке кәсіпкерінің басшысы, 2017-2022 жылы Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде бас маман, бөлім басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.
2022 жылдың 26 мамырында Сырдария ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.





