
Қалдыбаева Анар Сраждинқызы
Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Қалдыбаева Анар Сраждинқызы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Айдарлы ауылында 1986 жылы дүниеге келген. 2004-2006 жылдары М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде «Мәдени ағарту жұмысы және халықтық көркемдік шығармашылық» мамандығы, 2014-2017 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша білім алды.
Еңбек жолын 2008-2009 жылдары Айдарлы ауылдық клубында сүймелдеуші қызметінен бастаған.
2009-2014 жылдары Сырдария аудандық мәдениет үйіне қарасты Айдарлы ауылдық клубында меңгеруші, 2014-2024 жылдары Айдарлы ауылдық округі әкімі аппараты» КММ Ғ.Жанұзақов атындағы Айдарлы ауылдық клуб кәсіпорнының басшысы, 2024 жылдың мамыр-қараша айларында Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2025 жылдың 08 сәуірінен Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.





