
Жақып Еркебұлан Төлепбергенұлы
Сырдария аудандық білімі бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Жақып Еркебұлан Төлепбергенұлы, 1981 жылы 16 қазанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов ауылында туылған. Ұлты қазақ.
1988 жылы А.Тоқмағанбетов ауылындағы №135 орта мектептің 1 сыныпқа қабылданып, 1999 жылы аталған мектепті аяқтады. Сол жылы (1999ж) Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетің «Жаратылыстану» факультетінің «География» мамандығы бойынша 1 курсқа қабылданып, 2003 жылы «География және Биология» пәнінің мұғалімі біліктілігін алып шықты.
2011-2013 жылдары «Болашақ» университетінің «Экономика» бакалавры мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Еңбек жолын 2003 жылы А.Тоқмағанбетов ауылындағы №135 орта мектепке «География және Биология» пәнінің мұғалімі;
09.06.2006-17.02.2010 жж. аралығында аудандық білім бөлімінде жетекші маман;
17.02.2010-03.09.2010 жж. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, Бақылау және кадр жұмыстары бөлімінің Бас маманы;
06.09.2010-22.04.2011 жж. Аудан әкімі аппаратының Бас маманы, аудан әкімі орынбасарының көмекшісі;
22.09.1011-24.02.2014 жж. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлық жұмыстары бөлімінің Бас маманы;
24.02.2014-14.07.2016 жж Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық жұмыс бөлімінің Бас инспекторы;
14.07.2016-31.10.2017жж. «Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық халықтық актілер тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;
11.12.2017-11.03.2022 жж «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облысы Сырдария аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары;
01.03.2022-10.10.2024 жж. «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының атқарушы хатшысы;
09.10.2024жылдан бастап Сырдария ауданы бойынша Білім бөлімі басшысының қызметін атқарып келеді.





