Тоқпамбетов Өмірбек Ділдахметұлы

    Жетікөл ауылдық округінің әкімі

    Тоқпамбетов Өмірбек Ділдахметұлы
    Аким

    Тоқпамбетов Өмірбек Ділдахметұлы

    Жетікөл ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Тоқпамбетов Өмірбек Ділдахметұлы 1974 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Тартоғай ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Сырдария ауданы, Жетікөл ауылындағы №174 қазақ орта мектебін 1991 жылы бітірген. 1993-1997 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық Университетін «Заңгер. Оқытушы» мамандығы бойынша бітірген.

    1998-2004 жылдар аралығында Қызылорда қаласының №2 нотариалдық кеңсесінің кеңесшісі, Қызылорда облысы Әділет Департаментінің жетекші және бас маманы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу бөлімінің бастығы, 2007-2010 жылдар аралығында Қызылорда қаласының халыққа қызмет көрсету орталығының кеңсе және кадр меңгерушісі, кадр қызметінің басшысы, Қызылорда облысының халыққа қызмет көрсету орталығының операциялық зал бастығының орынбасары, «Қызылорда облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары, 2011-2012 жылдар аралығында Қызылорда облыстық ауылшаруашылығы басқармасының экономикалық талдау, маркетинг және аграрлық секторды ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің маркетинг және шағын несиелеу секторының штаттан тыс инспекторы, Ауылшаруашылығы басқармасының құқықтық қамтамасыз ету, ұйымдастыру-кадрлар жұмысы және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

    2015 жылдың шілде айынан бастап «Сырдария ауданы Жетікөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы (заңгер) және 2018 жылдың 04 маусымынан бастап ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарған. 2020 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Жетікөл ауылдық округінің әкімі қызметін атқаруда. 2024 жылы 12 тамыз айында сайлау өткізіліп, әкімдік қызметін жалғастыруда.

    Отбасылы. Екі қыз тәрбиелеуде.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері