
Өмірбаян
1965 жылы 14 мамыр күні Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылында дүниеге келген. 1972-80 жылдары орта мектепте оқыды. 1980-84 жылдары Қызылорда темір жол техникумын оқып бітірді. 1984-86 жылдары әскер қатарында болған.
Еңбек жолын 1986-97 жылдары Іңкәрдария ауылының №191 орта мектебінде бастауыш әскери дайындығы мұғалімі болды. 1997 жылы Қызылорда қаласында экономика, экология және құқық академиялық университетінде шаруашылық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1997-2002 жылдары Қызылорда қаласының экономика, экология және құқық академиялық университетінің "заңгер" мамандығы бойынша оқып шықты. 2010 жылдан Іңкәрдария ауылдық округі әкімі қызметін атқаруда. Отбасылы, 3 ұл, 3 немере тәрбиелеп отыр.





