
Өмірбаян
Ешмұратов Ерлан Қуанышұлы 1977 жылы 23 желтоқсанда Сырдария ауданы, Ақжарма ауылында дүниеге келген. 1984-1994 ж.ж № 130 Абай Құнанбаев атындағы орта мектебін бітірген. 1994-1995 жылдары «Ақжарма» өндірістік кооперативі № 4 бригада өндіріс бригадасында жұмысшы.
1995-1998 жылдары Қызылорда «Аграрлы техникалық колледжі» техник-механик мамандығын алған.
1998-2001 жылдары «Ақжарма» ЖШС №4 өндіріс бригадасында механизатор.
1998-2003ж.ж «Қорқыт Ата» Қызылорда мемлекеттік университеті «Инженер-гидротехник » мамандығын алған.
2001-2015 жылдары Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппаратында жетекші маман әскери есеп столы қызметі.
2010-2015 жылдары Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппаратының әскери есеп столы инспекторы.
2015-2019 жылдары «Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы.
2019 жылдан бастап Ақжарма ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді;
Отбасылы 3 ұл,1 қыз тәрбиелеуде





