
Беймбетов Ержан Бақытұлы
Цифрландыру және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Беймбетов Ержан Бахытұлы 1988 жылы 03 ақпанында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде дүниеге келген.
1994-2005 жылдары аралығында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде орналасқан №35 Иса Тоқтыбаев атындағы қазақ орта мектебінде білім алған.
Білімі жоғары. 2005-2009 жылы Қызылорда облысы, «Болашақ» университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша, 2010 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша білім алды.
Еңбек жолын: 23.07.2009-06.12.2012 жылдары аралығында Сырдария ауданы әкімі аппаратының инспекторы;
06.12.2012-09.10.2015 жылдар аралығында Сырдария ауданы әкімі аппаратының электронды әкімдікті интеграциялау және дамыту жөніндегі бас инспекторы;
09.10.2021-02.06.2022 жылдар аралығында Сырдария ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыстары бөлімінің әдіскері;
05.10.2022-12.12.2022 жж. Сырдария аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы;
14.12.2022 жылдан бастап Сырдария ауданы әкімі аппаратының цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы





