
Өмірбаян
Каратаев Максут Аманнулаевич 1972 жылы 20 қыркүйекте Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, О.Мәлібаев ауылында дүниеге келген. 1989 жылы И.Тоқтыбаев атындағы №35 орта мектепті бітірген. 1990-1994 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық иститутын қазақ тілі мен әдібиет қосымша араб тілі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Тереңөзек кентіндегі құрылыс жөндеу учаскесінде жұмысшы болып бастаған.
1994-95 жылдары №137 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті және араб тілі пәнінің мұғалімі;
1995-1998 жылдары Сырдария аудандық білім бөлімінде әдіскер;
1998-1999 жылдары сырттай оқу консультациялау пунктінің меңгерушісі;
1999 жылы №131 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
1999-2003 жылдары №35 орта мектептің психологі;
2003-2009 жылдары "Жалын" тынығу лагерінің директоры;
2009-2011 жылдары С.Сейфуллин а.о әкімі;
2011-2012 жылдары аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы;
2013-2020 С.Сейфуллин а.о әкімі,
2020-2025 аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;
2025 жылдың 2 маусымынан бастап Қалжан ахун ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келеді





