
Еспенбетов Роллан Манарбекұлы
Сырдария ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Еспенбетов Роллан Манарбекұлы 1988 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2011 жылы Халықаралық Білім беру корпорациясының Қазақ бас сәулет құрылыс академиясын «құрылыс» мамандығы бойынша, 2013 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін «құқық» мамандығы бойынша және 2021 жылы «Нархоз Университетін» «іскерлік әкімшілік» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы «Промстройсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің маркетинг бойынша инженері қызметінен бастаған.
2011 жылдан 2012 жылдың ақпан айына дейін «Промстройсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инженері;
2012 жылдың ақпан айынан 2014 жылдың мамыр айы аралығында «Абзал Проект Консалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің автокадчигі, бас инженер жобалаушысы;
2014 жылдан 2015 жылдың ақпан айы аралығында Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің заңгер-консультанты;
2015 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың сәуір айы аралығында Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының лицензиялау және аттестаттау бөлімінің заңгер кеңесшісі, бас маманы,бөлім басшысы;
2018 жылдың сәуір айынан 2018 жылдың тамыз айы аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының жетекші маманы, бас маманы;
2018 жылдың тамыз айынан 2019 жылдың тамыз айы аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы;
2019 жылдың тамыз айынан 2023 жылдың мамыр айына дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы;
2023 жылы 11 мамырдан бастап Сырдария ауданы әкімінің орынбасары;



