
Өмірбаян
Рақымбеков Бақытжан Жұмабекұлы 1974 жылы 09 мамыр айында Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылында дүниеге келді. 1981 жылы №44 қазақ орта мектебінің бірінші класына қабылданып, 1991 жылы бітіріп шықты. 1991 – 1996 жылдары Қызылорда политехникалық колледжін техник – механник мамандығы бойынша мамандығын алып шықты. 2008 – 2010 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің агроинженерлік мамандығы бойынша мамандығын алып шықты.
Еңбек жолын 1996 – 2000 жылдары Қоғалыкөл ауылы «Сұлыкөл» шаруа қожалығында жүргізуші, 2000–2002 жылдары «Достық» шаруа қожалығында МТМ меңгерушісі және техника қауіпсіздік инженері, 2002 – 2006 жылдары «Қоғалыкөл» ЖШС-де МТМ меңгерушісі және экспидитор қызметі, 2007 -2014 жылдары «Бастау-К» ЖШС-де аға диспетчер, 2014 – 2016 жылдары «Бастау-S» ЖШС-де өндіріс бөлім бастығы, қосымша «КазСпектрСтрой» ЖШС-де бас инженер қызметін атқарды. 2016 жылдың 31 тамызында Қоғалыкөл ауылдық округі әкімі лауазымына уақытша тағайындалды.
Отбасылы, Бір ұл, екі қызым бар





