
Оңғарбаев Аманжол Сақыпұлы
Арал ауданының әкімі
Оңғарбаев Аманжол Сақыпұлы - 1968 жылы 7 қарашада Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақбасты ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. 1993 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. 2000 жылы «Болашақ» университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы Қызылорда Гуманитарлық Заң университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.












































