«Арал ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Арал ауданы әкiмiнiң қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. «Арал ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң ведомстволары жоқ.
« Арал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі » КММ әзірлеуші орган болып табылады. « Жер салығының мөлшерлемелері туралы» Арал аудандық маслихатының шешімі. Шешім жобасы, Қазақстан Республикасының «Жер кодексі» және Қазақстан Республикасының « Салық кодексі» бойынша әзірленді. Жоба қабылданған жағдайда аудан аумағында айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшерлерін көтеру . Ашық нормативтік құқықтық актілердің интранет-порталындағы сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14293398
Қызылорда облысында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының 10 жылдығы мен Республика күні қатар тойланды. Мерекелік жиын облыстық филиал қызметкерлері мен мемлекеттік корпорацияның аймақта қалыптасуына үлестерін қосқан сала ардагерлерінің басын біріктірді. Осылайша ерекше басқосу филиалдың осы кезге дейінгі жүріп өткен жолын еске алуға, әріптестердің кәсіби жетістіктерін атап өтуге және көптеген жылдар бойы мемлекеттік қызметтер жүйесін дамытуға үлес қосқандарға ризашылық білдіруге себеп болды. Салтанатты шарада жылжымайтын мүлік саласын дамытуда ұзақ жылдар бойы еңбек еткен мамандар ұлықталды. Солардың бірі - 2006 жылдан бері аталмыш салада еңбек етіп келе жатқан Сәбит Жұмабеков. Осы уақыт ішінде ол қарапайым жерге орналастырушы маманынан бастап, геодезиялық жұмыстар және жылжымайтын мүлікті зерттеу басқармасының жетекші сарапшысына дейін абыроймен қызмет атқарды. Саналы ғұмырын жылжымайтын мүлік саласына арнап, өңірдегі Мемлекеттік корпорацияның дамуына қосқан айрықша үлесі үшін Сәбит Жұмабеков дәл осы мерейлі мерекеде ұйымның 10 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталды. «Осы жылдар ішінде көп нәрсе өзгерді: жұмыс процестері жетілдірілді, жаңа тәсілдер енгізілді, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын талаптар өзгерді. Менің жұмысым осындай бағаға ие болғанына қуаныштымын. Мен үшін бұл жеке мойындау ғана емес, бүкіл ұжымның бірлескен жұмысының нәтижесі», — деді Сәбит Жұмабеков. Он жыл ішінде Мемлекеттік корпорация дамудың ең маңызды кезеңінен өтті. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістері мен тәсілдеріндегі өзгерістердің артында азаматтарға өмірлік маңызды мәселелерді шешуге көмектесетін мамандардың күнделікті жұмысы тұр. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы бірнеше республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру арқылы азаматтарға барлық мемлекеттік қызметтерді бір жерде сапалы көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы құрылған болатын.
Балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған цифрлық құралдарды қолдану бойынша қазақстандық тәжірибе шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қызығушылығын тудырды. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының 111 байланыс орталығына Финляндия, Жапония, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің Бала құқықтары жөніндегі уәкілдері, сондай-ақ БҰҰ мен ЮНИСЕФ өкілдерінен құралған халықаралық делегация келді. Іс-шара ҚР Құрылтайының вице-спикері Динара Закиеваның шақыруымен «Балалар үні: ұлттық стратегиялар және қауіпсіз цифрлық орта» атты ІІ Халықаралық форумы аясында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында делегация мүшелері байланыс орталығының жұмысын ұйымдастыру, келіп түскен өтініштерді жедел өңдеу және балаларға көмек көрсету тетіктерімен танысты. Әсіресе, балаларға буллинг, зорлық-зомбылық фактілері және өзге де мәселелер туралы хабарлауға мүмкіндік беретін QR-арнаға ерекше назар аударылды. Аталған цифрлық шешім Қазақстанда 2024 жылдың соңында іске қосылып, Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қолдауымен еліміздегі барлық білім беру ұйымдарына енгізілді. Айта кетейік, QR-кодты сканерлеу арқылы бала арнайы чатқа өтіп, өз жағдайын баяндап, мамандардан жедел көмек ала алады. Оның ішінде психологиялық және құқықтық қолдау да қарастырылған. Егер келіп түскен ақпарат баланың өміріне, денсаулығына немесе қауіпсіздігіне қауіп төніп тұрғанын көрсетсе, мәліметтер тиісті мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау органдарына жолданады. 2026 жылдың тоғыз айында 111 байланыс орталығына балалардан 51 мыңнан астам өтініш түскен. Оның басым бөлігі, яғни 48 мыңнан астамы QR-арна арқылы қабылданса, 3 мыңнан астамы телефон қоңыраулары арқылы тіркелген. «111 — отбасы мәселелері, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бойынша көмек көрсететін байланыс арнасы. Байланыс орталығының қызметі 2023 жылы Мемлекеттік корпорацияға берілді. Содан бері орталық мамандары 552 мыңнан астам өтініш қабылдады. Оның 193 мыңнан астамы тікелей балалардан келіп түскен», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев. Халықаралық делегация мүшелері 111 байланыс орталығының тәжірибелік маңыздылығын атап өтіп, балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған осындай тетіктерді өз елдерінде енгізу мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты. Бағдарлама аясында шетелдік қонақтар Мемлекеттік корпорацияның Ахуалдық орталығы мен елордадағы халыққа қызмет көрсету орталығына да барды. Ахуалдық орталықта делегацияға жұмыс процестерін бақылау, деректерді талдау және құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру мүмкіндіктері таныстырылды. Ал халыққа қызмет көрсету орталығында қонақтар мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңілдетуге бағытталған цифрлық шешімдермен танысты. Осылайша, халықаралық делегация өкілдері заманауи технологиялардың «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы қызметінің түрлі бағыттарында іс жүзінде қалай қолданылып жатқанын көрді.
Цифрландыру жылы аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді алу сапасы мен қолайлылығын арттыруға бағытталған цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастыруда. Бірыңғай электрондық кезек талондарын брондау бойынша пилоттық жоба 2025 жылдың қыркүйегінде іске қосылып, республика бойынша ХҚКО бөлімдерінде кезең-кезеңімен енгізілді. Қазіргі уақытта пилоттық жобаның кезекті кезеңі басталып, ол қосымша 5 ХҚКО бөлімін қамтиды. Олардың қатарында - Абай облысы Мақаншы ауданының, Ақмола облысы Шортанды және Жақсы аудандарының, Атырау облысы Исатай ауданының, сондай-ақ Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының бөлімдері бар. Жаңа бөлімдерді есепке алғанда, ҚР бойынша пилоттық жоба қатысушыларының жалпы саны 39 фронт-офисті құрайды. Жаңа жоба шеңберінде азаматтар ХҚКО бөлімдерінде мемлекеттік қызметтерді алу үшін кезекті «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы алдын ала брондауы қажет. Брондау барысында өтініш беруші өзіне қолайлы күн мен уақытты таңдай алады. Қызмет көрсету орталығына келіп, талон алу барысында жүйе өтініш берушінің жеңілдік санатына жататынын автоматты түрде анықтап, оған қызмет көрсетуде басымдық береді. Бұл ретте дайын құжаттарды беру, өзін-өзі қызмет көрсету секторының жұмысы, сондай-ақ құжаттандыру желісі бойынша қызметтер бұрынғы тәртіппен, талонды алдын ала брондаусыз жүзеге асырылады. Бұл ретте, жаңа бөлімдерді қосу арқылы пилоттық жобаны кеңейтудің соңғы кезеңі жүзеге асырылады. Пилоттық жоба жаңа сервистің азаматтар үшін қолайлылығын және оның практикалық тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жасанды интеллект негізінде әзірленген жаңа шешімдерін көпшілік назарына ұсынды. Солардың бірі - «AI Senim» атты дауыстық AI-ассистенті. Ол азаматтарға 100-ден астам мемлекеттік қызмет бойынша кеңес беріп, қажетті ақпаратты жедел ұсынады. Бүгінде «AI Senim» ай сайын орта есеппен 25–30 мың өтінішті өңдейді. Оның 40%-ына AI-ассистенттің өзі жауап берсе, қалған 60%-ы егжей-тегжейлі кеңес алу үшін операторларға жолданады. «Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі заман талабына сай үздіксіз жетілдіріліп, халық үшін барынша қолайлы болып келеді. Бұдан әрі де осы бағыттағы жұмысты жалғастырып, азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін инновациялық шешімдерді енгізуді көздеп отырмыз. Атқарылып жатқан шаралар мемлекеттік қызметтерді алу кезінде барынша қолжетімділік пен жайлылықты қамтамасыз етуге зор үлес қосатынына сенімдімін», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев. Қазіргі таңда 1414 желісіне келіп түсетін әрбір 20-шы қоңырау AI-ассистенттің қатысуымен өңделеді. Алдағы кезеңде оның ауқымын кеңейтіп, барлық қоңырауды алдымен «AI Senim» қабылдайтындай жүйеге көшіру көзделіп отыр. AI-ассистент азаматтың сөзін танып, сұрағының мәнін анықтайды және тиісті ақпаратты ұсынады. Қазір оның функционалын кеңейту, соның ішінде динамикалық қызметтерді іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Болашақта азаматтар тек кеңес алып қана қоймай, дауыстық ассистентпен сөйлесу барысында кейбір мемлекеттік қызметтерді бірден рәсімдей алады. Форум барысында AI-ассистенттің жұмысын бақылауға арналған арнайы платформа да таныстырылды. Оның көмегімен нақты уақыт режимінде келіп түскен сұраныстардың саны, сөйлесу ұзақтығы және өзге де көрсеткіштер қадағаланады. Сонымен қатар мамандар қоңырау жазбасын тыңдап, диалогтың толық мәтінін және AI-ассистент өңдеген сауалдың нәтижесін көре алады. Жаңа платформа арқылы азаматтардың сөйлесу барысындағы көңіл күйі мен тоналдылығын талдауға да мүмкіндік бар.
1 қазан - Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Бұл айтулы дата - аға буынның өмірлік тәжірибесі мен атқарған еңбегін ұлықтайтын күн. Бүгінде олардың басым бөлігі - зейнеткерлер. Қарттардың әрқайсысының артында адал еңбек, пен еліміздің қалыптасу кезеңдеріндегі тарихи үлесі жатыр. Қазіргі таңда республика бойынша 2,4 миллионнан астам азамат зейнетақы төлемдерін алады. Гендерлік құрылымға сүйенсек, зейнеткерлердің 64%-ын әйелдер, ал 36%-ын ер адамдар құрайды. Осылайша, зейнетақы төлемдерін алатындардың жалпы санының үштен екісі әйелдер қауымына тиесілі. Бұдан бөлек, еліміз бойынша 44 зейнеткер жүз жасты алқымдағандар қатарында. Олардың арасында өмір жолы өнегеге толы азаматтар аз емес. Әйел адамдар ішінде еліміздегі ең жасы үлкен зейнеткер Шымкент қаласында тұрады. 106 жастағы кейуана бүгінде өнегелі отбасының ортасында, жақындарының мейірімі мен қамқорлығына бөленіп отыр. Ал ер азаматтар арасындағы ең жасы үлкен зейнеткер - Алматы қаласының 104 жастағы тұрғыны - Зұлқарнай Сейітов. Ұлы Отан соғысының ардагері, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Зұлқарнай Сейітов Сталинград шайқасынан Берлинге дейінгі майдан жолын басып өткен. Соғыстан кейін өмірін ғылым мен педагогикаға арнап, ондаған жылдар бойы жемісті еңбек етті. Ол 150-ден астам ғылыми еңбектің, монографиялар мен оқу құралдарының авторы. Ардагер «Қызыл Жұлдыз», II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» және «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған. Қазақстандық ғасыр куәгерлерінің тағдыры - замандар сабақтастығы мен ұрпақтар байланысының айқын көрінісі. Олардың жылдар бойы атқарған еңбегі, төзімділігі мен кәсіби жетістіктері мемлекетіміздің бүгінгі дамуына берік негіз болды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін барша аға буын өкілдеріне құрметі мен алғысын білдіріп, барша отандастарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасылық береке тілейді.
Арал ауданы бойынша Арал аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың тіркелуі туралы АҚПАРАТ
Жарияланды:
Ақпарат
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Арал аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аудандық және округтік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны, шекарасы және жұмыс уақыты туралы ХАБАРЛАМА
Жарияланды:
Ақпарат
Арал аудандық сайлау комиссияның Х А Б А Р Ы
Жарияланды:
Ақпарат
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Арал аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан орны мен шекаралары туралы ХАБАРЛАМА
Жарияланды:
Ақпарат
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Арал аудандық мәслихатының депутаттарын сайлауы бойынша «Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/99 қаулысымен бектілген күнтізбелік жоспардың 17-тармағына сәйкес үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындар