Туыстар мен зейнеткерлер жеке көмекші бола ала ма?
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның жұбайы (жары) зейнет жасына жетсе де жеке көмекші бола алады. Сонымен қатар, Әлеуметтік кодекске сәйкес туыстық қатынасына қарамастан тұрақты күтім жасайтын адамға жәрдемақы алу құқығы берілген.