Мүгедектігі бар адамдарға қандай көмек беріледі?
Мемлекет тарапынан бөлім арқылы мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде 8 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Атап көрсеткенде:
- Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық қамтамасыз ету;
- Техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдарымен қамтамасыз ету;
- Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметімен қамтамасыз ету;
- Жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз ету;
- Санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
- Үйде күтім көрсету жағдайында әлеуметтік қызмет көрсету;
- Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;
- Есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарға жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз ету;