Өмірбаян
Балмырзаева Азат Төлебайқызы - 1984 жылы 18 желтоқсанда Арал ауданы, Қамыстыбас ауылдық округінде дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2004 жылы Қазтұтынуодағы Ақтөбе кооперативтік колледжін «Құқықтану» және 2007 жылы 2007 жылы Ақтөбе қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылдан бастап «Торжымбай-Түрке» ЖШС-нің заңгері болып бастаған.
2006-2006 жылдары №233 орта мектебінде «Әдеп және құқықтану» пәнінің мұғалімі;
2006-2008 жылдары «Торжымай-Түрке» жауапкершілігі шектеулі серіктесігінің заңгері;
2009-2012 жылдары Қызылорда облыстық ғылыми-өндірістік сот сараптамасының зертханашысы;
2012-2023 жылдары «Медет и К» ЖШС-нің директоры;
2023 жылдан бастап осы кезге дейін «Жансая» жеке бөбекжай-бақшасының директоры;
2023 жылғы 11 желтоқсандағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқымен өткізілген сайлаудың нәтижесі бойынша № АСК-266 қаулысына сәйкес Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.



