
Өмірбаян
Маханов Берікбол Кешубайұлы - 1990 жылы 17 қазанда Арал ауданы, Қаратерең ауылдық округінде дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2011 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және 2015 жылы Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетін «Экология» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Қазалы ауданы бойынша салық тексеру бөлімінің жетекші маманы қызметінен бастаған.
2012-2015 жылдары Қаратерең ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Арал» СЖКБД филиалы «Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесінің су құбыры-кәріс желісін аралаушысы;
2023 жылғы 11 желтоқсандағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқымен өткізілген сайлаудың нәтижесі бойынша № АСК-266 қаулысына сәйкес Қаратерең ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.



