
Ниязымбетов Диас Аралбайұлы
Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Ниязымбетов Диас Аралбайұлы – 1991 жылы 7 желтоқсанда Қызылорда облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2013 жылы «Болашақ» университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын: 2016 жылы Қаратерең ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы қызметінен бастаған;
2018-2020 жылдары Арал аудандық білім бөлімінің бас маманы;
2020-2021 жылдары Арал аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы;
2021-2022 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы;
2022-2023 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас маман;
2023 – 2024 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас инспекторы;
2024 жылдың 9 қыркүйегінен бастап Арал ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы.


