
Байзахов Ардақ Асылбекұлы
Қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Байзахов Ардақ Асылбекұлы – 1986 жылы 20 қарашада Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген.
Жоғары білімді.
2008 жылы Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы және 2015 жылы Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық «Болашақ» университетін «есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Қарақұм ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы қызметінен бастаған;
2010-2013 жылдары Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы;
2013-2014 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстары бөлімінің бас маманы;
2014-2016 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстары бөлімінің бас инспекторы;
2016-2018 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы;
2018-2019 жылдары Арал аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;
2019-2023 жылдары Арал ауданының мемлекеттік сатып алу бөлім басшысы;
2023-2025 жылдары Арал аудандық құрылыс,сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, Арал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы және Арал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы;
2025 жылдың 17 қаңтарынан бастап Арал ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.



