
Жүсіпов Дәурен Әлиұлы
Цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Білімі жоғары.
2013 жыл - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
2023 жылы Бостон университетін «Қаржылық менеджмент» ғылымының магистрі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын, 2014 жылы Арал аудандық мәслихаты аппаратының бас маман-есепшісі қызметінен бастаған.
2018-2020 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының ақпараттық технологияларды дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің бас инспекторы-бас есепшісі;
2020 жылдың 1 шілдесінен бастап осы кезге дейін Арал ауданы әкімі аппаратының цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.



