
Раимбетов Серік Ерсаймұлы
Аудан әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
Раимбетов Серік Ерсаймұлы – 1988 жылы 10 наурызда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2009 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын: 2011 жылы Арал аудандық «Халық банкі» АҚ-ы филиалының менеджері болып бастаған;
2012-2013 жылдар аралығында Қарақұм ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;
2013-2015 жылдары Арал аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы;
2015-2023 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы, бас инспекторы және бөлім басшысы;
2021-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы магистранты;
2023 – 2024 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы;
2024 жылдың 9 қыркүйегінен бастап Арал ауданы әкімі аппаратының басшысы.



