Есжанов Шерхан Жұбаханұлы

    Аудан әкімінің орынбасары

    Есжанов Шерхан Жұбаханұлы
    Әкімінің орынбасары

    Есжанов Шерхан Жұбаханұлы

    Аудан әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    1985 жылы 25 қаңтарда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарақұм ауылдық округінде дүниеге келген.

    Жоғары білімді.

    2006 жылы «Қ. Жұбанов» атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығы және 2013 жылы жоғарыда аталған оқу орнын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    2008 жылы «Ұлы қабырға» Қазақстан бұрғылау компаниясы ЖШС-ның мұнай және газ бұрғылаушысының көмекшісі қызметінен бастаған;

    2011-2014 жылдары Арал аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы;

    2014-2016 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыстары бөлімінің бас маманы және бас инспекторы;

    2016-2020 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы;

    2020-2022 жылдары Арал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары;

    2022-2025 жылдары «Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;

    2025 жылдың 13 қаңтарынан бастап Арал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері