
Құдайберген Жанқожа
Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Құдайберген Жанқожа – 1992 жылы 30 желтоқсанда Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген.
2014 жылы М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген
Еңбек жолын 2014 жылы Алматы Қаласында «23-ші жол пайдалану учаскесі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің өндірістік жоспарлау бөлімі бастығының аға көмекшісі қызметінен бастаған;
2015-2016 жылдары «Алматыжолпроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инженер-жобалаушы;
2016-2021 жылдары аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы;
2021-2023 жылдары аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы және бөлім басшысының орынбасары;
2023-2025 жылдары «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесінің жетекші сарапшысы;
2025 жылдың 4 ақпанынан бастап Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.


