
Қаратаев Жасұлан Ұзайырұлы
Персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Қаратаев Жасұлан Ұзайырұлы – 1987 жылы 25 қазанда Арал қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2009 жылы Қызылорда жоғарғы көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжін «Ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйесі» мамандығы бойынша және 2012 жылы «Болашақ» университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
2012-2018 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының инспекторы;
2018-2020 жылдары Қамыстыбас ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;
2020 жылдың ақпан-қараша айлары Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы;
2020-2021 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің бас инспекторы;
2021-2023 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы;
2023 жылдың 29 маусымынан бастап Арал ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.



