
Өмірбаян
Білімі жоғары.
2005 жылы «Қорқыт-Ата» атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
1997-1998 жылдары Арал орталық базарында жұмысшы;
1998-1999 жылдары «Нұрман» шаруа қожалығында жұмысшы;
2003-2013 жылдары № 57 Е. Көшербаев атындағы орта мектебінде лаборант, программист, жабдықтаушы инженер;
2013-2017 жылдары Октябрь ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;
2017 жылы «Арал ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы;
2017-2021 жылдары Октябрь ауылдық округінің әкімі.
2021 жылғы 25 шілдедегі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқымен өткізілген сайлаудың нәтижесі бойынша № АСК-102 қаулысына сәйкес Аққұм ауылдық округінің әкімі болып тіркелді



