
2026 жылғы 15 тамызда «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Бейнеу ауылының Асау батыр көшесінде профилактикалық іс-шара жүргізу барысында азамат тексерілді.
Медициналық куәландырудың №641 қорытындысына сәйкес, азаматтың организмінен есірткі заттарына жататын каннабиноидтар метаболиттері анықталған. Осылайша, есірткі заттарын медициналық емес мақсатта тұтыну фактісі анықталды.
Аталған құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалғаны белгілі болды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабының 2-бөлігіне сәйкес тиісті әкімшілік шара қолданылды.
Полиция қызметкерлері азаматтарға есірткі заттарын медициналық емес мақсатта тұтынудың заңдық салдарын түсіндіріп, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.
Құқық бұзушылықтың алдын алу — қауіпсіз қоғамның кепілі.
https://www.instagram.com/reel/DcD8w5MM3u8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==









