
Жазғы шомылу маусымы кезінде Түпқараған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Іс-шара барысында демалушыларға теңіздегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша ескертулер берілді. Азаматтарға тек арнайы белгіленген жағажайларда шомылу, ауа райы қолайсыз кезде суға түспеу, жағалаудан алысқа жүзбеу, балаларды қараусыз қалдырмау және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар демалушыларға ішімдік ішкен күйде суға түсуге жол бермеу, белгісіз және қауіпті аумақтарда шомылмау, су көліктерін пайдалану кезінде құтқару құралдарын қолдану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Полиция қызметкерлері азаматтарға теңіздегі сақтық шараларын сақтау – өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды кепілі екенін ескертті.
Қоғамдық тәртіптің сақталуы мен азаматтардың қауіпсіздігі полиция қызметкерлерінің тұрақты бақылауында. Түпқараған аудандық полиция бөлімі тұрғындар мен қонақтарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.









