Суши мен ролл: тағамнан уланудың алдын қалай алуға болады?

    Суши мен ролл тез бұзылатын тағамдар қатарына жатады. Сондықтан оларды дайындау және сақтау талаптары бұзылған жағдайда тағамнан улануға себеп болуы мүмкін.

    Негізгі қауіп шикі балық пен теңіз өнімдерін пайдаланудан, температуралық сақтау режимінің бұзылуынан, тағам әзірлеу кезінде санитариялық талаптардың сақталмауынан және дайын өнімді дұрыс сақтамаудан туындайды.

    Әсіресе шикі немесе тұзы аз балықтан, теңіз өнімдерінен, сондай-ақ арнайы сақтау жағдайларын қажет ететін тұздықтардан дайындалған тағамдарға ерекше назар аудару қажет. Оларды дайындау технологиясы мен сақтау талаптары бұзылған жағдайда, ішек инфекцияларын жұқтыру және тағамнан улану қаупі артады. Мұндай жағдайларда жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, іш өту және дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер байқалуы мүмкін.

    Тағамнан уланудың алдын алу үшін Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті төмендегі ұсынымдарды ескертеді:

    * суши мен роллды санитариялық талаптарды сақтайтын қоғамдық тамақтану орындарынан ғана сатып алыңыз;
    * термиялық өңдеуден өткен қоспалары бар тағамдарға басымдық беріңіз;
    * өнімнің балғындығына назар аударып, иісі мен сыртқы түрін тексеріңіз;
    * дайын тағамды бөлме температурасында екі сағаттан артық қалдырмаңыз;
    * өндіруші көрсеткен сақтау шарттары мен жарамдылық мерзімін сақтаңыз.

    Есіңізде болсын: тағамның сыртқы көрінісі оның қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді. Тағамнан улану белгілері байқалған жағдайда, уақытылы медициналық көмекке жүгіну қажет. Қарапайым сақтық шараларын ұстану денсаулықты қорғауға және жағымсыз салдардың алдын алуға көмектеседі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары