Ақмола облысында 2027 жылға арналған туберкулездің алдын алу шараларын жоспарлау мәселелері талқыланды

    1 / 7

    6 қараша күні Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ZOOM платформасы арқылы бейнеконференция форматында 2027 жылға арналған туберкулездің алдын алу шараларын жоспарлау мәселелеріне арналған оқыту семинарын өткізді.

    Семинарға санитариялық-эпидемиологиялық бақылау аумақтық басқармаларының мамандары, медицина қызметкерлері және өңірдегі бейінді медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты.

    Кездесу барысында туберкулездің алдын алуға қатысты санитариялық қағидалардың талаптары, БЦЖ вакцинасымен егу жұмыстарын, туберкулиндік диагностиканы және 2027 жылы флюорографиялық тексеруден өтуге тиіс адамдарды тексеруді жоспарлау мәселелері қарастырылды.

    Семинарда Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен К. Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығының мамандары баяндама жасады.

    Іс-шара барысында профилактикалық шараларды уақтылы жоспарлауға, ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіруге және туберкулездің таралуының алдын алу бағытындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.

    Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейдегі сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптар алды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары