Әзербайжан Республикасының Баку қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XXI және әйелдер арасындағы XII әлем чемпионаттары аясындағы жарыстардың үшінші күні аяқталды.
Чемпионаттардың үшінші кезеңі «4×100 метрлік өрт эстафетасы» дисциплинасы бойынша өтті. Жарыс барысында ұлттық құрамалар арасында тартысты бәсеке өрбіді. Спортшылар командалық бірліктің, жылдамдықтың, төзімділіктің және жоғары дайындық деңгейінің үлгісін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының әйелдер құрамасы «4×100 метрлік өрт эстафетасы» дисциплинасы бойынша ұлттық рекордты жаңартты!
Жаңа ұлттық рекорд орнатқан команда құрамында:
* Аленина Регина;
* Байтикова Айдана;
* Реджеметова Ситора;
* Салмина Валентина.
Әйелдер арасындағы командалық есептің қорытындысы:
1-орын — Ресей Федерациясы (59,75 сек.);
2-орын — Өзбекстан Республикасы (61,1 сек.);
3-орын — Беларусь Республикасы (61,68 сек.);
4-орын — Қазақстан Республикасы (61,69 сек.);
5-орын — Германия (70,97 сек.).
Ерлер арасындағы командалық есептің қорытындысы:
1-орын — Беларусь Республикасы (55,26 сек.);
2-орын — Қытай Халық Республикасы (56,07 сек.);
3-орын — Ресей Федерациясы (56,21 сек.);
4-орын — Қазақстан Республикасы (57,26 сек.);
5-орын — Моңғолия (61,91 сек.).
Жарыстар қорытынды кезеңіне жақындап келеді. Ертең әлем чемпионаттарының соңғы жарыс күні өтеді. Бұл күні спортшылар «Жауынгерлік қанат жаю» дисциплинасы бойынша сынға түседі.
Қорытынды кезеңнің нәтижелері бойынша ерлер мен әйелдер арасындағы ұлттық құрамалардың жалпы командалық есебі шығарылып, чемпионаттардың түпкілікті орындары анықталады.
Алда әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайтын шешуші жарыстар күтіп тұр!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









