Әзербайжан Республикасының Баку қаласында ерлер арасындағы XXI және әйелдер арасындағы XII өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаттарының екінші жарыс күні аяқталды.
Чемпионаттардың екінші кезеңі «100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту» дисциплинасы бойынша өтті. Спортшылар жылдамдық, төзімділік, үйлесімділік және жоғары техникалық дайындық деңгейін көрсетті.
Ерлер арасындағы командалық есептің қорытындысы:
1-орын – Ресей Федерациясы (93,26 сек.);
2-орын – Беларусь Республикасы (93,54 сек.);
3-орын – Өзбекстан Республикасы (93,89 сек.);
4-орын – Қытай Халық Республикасы (95,90 сек.);
5-орын – Қазақстан Республикасы (96,67 сек.).
Әйелдер арасындағы командалық есептің қорытындысы:
1-орын – Ресей Федерациясы (96,86 сек.);
2-орын – Өзбекстан Республикасы (98,62 сек.);
3-орын – Беларусь Республикасы (99,74 сек.);
4-орын – Қазақстан Республикасы (100,72 сек.);
5-орын – Германия (118,16 сек.).
Жарыстар жалғасуда. Бүгін әлем чемпионаттарына қатысушылар келесі кезеңде «4×100 метрлік өрт эстафетасы» дисциплинасы бойынша бақ сынайды. Қазақстанның ұлттық құрамаларына сәтті өнер көрсетіп, жоғары нәтижелер мен жаңа жеңістерге жетулеріне тілектеспіз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









