Павлодар облысы Ертіс ауданының Қызылқақ ауылында «Ауыл құтқарушылары» жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Ол 260 тұрғыны бар ауылдың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Бір қабатты ғимарат қызмет атқаруға қажетті барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Жаңа бекетке ТЖМ тарапынан өрт сөндіру автоцистернасы бөлінді. Сонымен қатар бөлімше жауынгерлік киіммен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілді. Ғимаратта диспетчерлік бөлме, тынығу және тамақтану бөлмелері, сондай-ақ санитарлық-тұрмыстық орынжайлар қарастырылған. Жылыту қатты отынмен жүзеге асырылады, сумен жабдықтау орталықтандырылған.
Іс-шара соңында ерекше көзге түскен қатысушылар Павлодар облысы ТЖД бастығының атынан марапатталды.
Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға жедел ден қою мүмкіндігін арттырып, тұрғындардың қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









