Абай облысы Бесқарағай ауданының Жетіжар ауылында 309-шы «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының ашылу рәсімі өтті. Жаңа өрт сөндіру бекеті Жетіжар, Кривинка, Лесной және Грачи атты төрт елді мекенге қызмет көрсетеді. Аталған ауылдарда жалпы саны 1 369 адам тұрады.
Салтанатты ашылу рәсіміне Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Еркін Отарғалымұлы, Бесқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалиқанұлы және жергілікті тұрғындар қатысты.
Өрт сөндіру бекеті қажетті инженерлік-коммуникациялық жүйелермен, арнайы техникамен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ғимаратта өрт сөндіру автокөлігіне арналған гараж, байланыс пункті, асхана, жатын және санитарлық-тұрмыстық бөлмелер қарастырылған.
Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы Жетіжар ауылы мен оған жақын орналасқан елді мекендердегі өрттер мен төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, оқиға орнына жету уақытын қысқартуға және тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









