Әзербайжан Республикасының Баку қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XXI және әйелдер арасындағы XII әлем чемпионаттары аясында жарыстың алғашқы күні өтті. Халықаралық жарыстарға әлемнің 20-дан астам елінің өкілдері қатысуда.
Чемпионаттың алғашқы кезеңі «Шабуыл сатысымен көтерілу» дисциплинасы бойынша өтті. Спортшылар жоғары физикалық дайындықтарын, жылдамдықтарын, техникалық шеберліктері мен кәсіби деңгейлерін көрсетті.
Ерлер арасындағы командалық есептің қорытындысы:
1-орын – Ресей Федерациясы (79,26 сек.);
2-орын – Беларусь Республикасы (81,88 сек.);
3-орын – Өзбекстан Республикасы (84,74 сек.);
4-орын – Қытай Халық Республикасы (85,02 сек.);
5-орын – Қазақстан Республикасы (87,42 сек.).
Әйелдер арасындағы командалық есептің қорытындысы:
1-орын – Ресей Федерациясы (41,95 сек.);
2-орын – Беларусь Республикасы (42,28 сек.);
3-орын – Қазақстан Республикасы (43,98 сек.);
4-орын – Өзбекстан Республикасы (44,99 сек.);
5-орын – Моңғолия (53,56 сек.).
Жарыс жалғасуда. Бүгін спортшылар «Кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту» дисциплинасы бойынша сынға түседі. Бұл кезеңде қатысушылар жылдамдықтарын, төзімділіктерін және кедергілерден өту техникасын көрсетеді. Спортшыларымызға сәттілік пен жеңісті нәтижелер тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









