Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде прокуратура өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша анықтау саласының жұмыс кеңесі өткізілді. Іс-шараға аудандық Төтенше жағдайлар басқармаларының басшылары мен аға анықтаушылары, сондай-ақ, ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің прокурорлары қатысты.
Жиналыс барысында есепті кезеңде атқарылған жұмыстар қорытындыланып, анықтау қызметінің негізгі көрсеткіштері, қылмыстық істерді тіркеу мен тергеп-тексеру сапасы, іс жүргізу мерзімдерін сақтау және құқықтық статистиканы жүргізу мәселелері қаралды. Сонымен қатар, анықталған кемшіліктерді болдырмау, құжаттарды сапалы рәсімдеу және заң талаптарын қатаң сақтау бойынша нақты міндеттер айқындалды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









