Әр секунд маңызды: құтқарушылар іздестіру-құтқару жаттығуларын өткізді

    1 / 6

    Шымкентте құтқарушылар кинологтар мен қызметтік иттердің қатысуымен іздестіру дағдыларын пысықтады.

    Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде жедел әрекет ету, кәсіби дайындық және күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білу аса маңызды. Осы мақсатта Шымкент қаласында Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді. Жаттығуға кинолог мамандар мен қызметтік иттер де қатысты.

    Жаттығу барысында құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізу дағдыларын пысықтаса, қызметтік иттер иіс арқылы адамдарды іздеу, оның ішінде үйінді астында қалған адамдарды анықтау қабілеттерін көрсетті. Кинолог мамандар іздестіру тапсырмаларын орындау кезінде иттердің әрекетін басқарып, олардың жұмысын бақылап отырды.

    Оқу-жаттығу барысында қатысушылардың жедел әрекет етуіне, кәсіби шеберлігіне және әртүрлі жағдайларда адамдарды іздестіру алгоритмдерін пысықтауға ерекше назар аударылды.

    Мұндай жаттығулар құтқарушылардың кәсіби даярлық деңгейін сақтауға, практикалық дағдыларын жетілдіруге және төтенше жағдайларды жою кезінде іздестіру-құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Қызметтік иттер іздестіру-құтқару жұмыстарының маңызды бөлігі болып саналады. Олардың иіс сезу қабілеті мен арнайы дайындығы іздестірудің дәстүрлі тәсілдерімен анықтау қиын жерлерден адамдарды табуға көмектеседі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары