Кейде мамандық таңдау адамның өмірінде көрген өнегесінен бастау алады. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау кіші сержанты Батырхан Данияр Қайратұлы үшін бұл таңдау әке жолын жалғастырумен байланысты.
Оның әкесі Телғозы Қайрат Батырханұлы 2005–2020 жылдары азаматтық қорғау органдарында қызмет атқарған. Әкесінің кәсібіне деген адалдығы мен жауапкершілігін көріп өскен Данияр да осы саланы таңдауды мақсат етті.
2026 жылғы 13 тамыздан бастап азаматтық қорғау органдарында еңбек етіп жүрген жас маман бүгінде өрт сөндіруші-құтқарушы міндетін атқарады. Оның жұмысы батылдықты, шапшаңдықты және кәсіби даярлықты талап етеді.
Данияр үшін бұл – жай ғана мамандық емес, әке аманатына адалдық пен ел алдындағы азаматтық парыз. Ол тәжірибесін шыңдап, біліктілігін арттыру арқылы халық қауіпсіздігіне үлес қосуды көздейді.
Әке өнегесімен басталған жол бүгінде өз жалғасын тауып келеді. Бұл – ұрпақтар сабақтастығының және елге қызмет етудің жарқын үлгісі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









