ҚЫЗЫЛОРДАДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    Бүгін Қызылорда қаласында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттарды кеңінен түсіндіру мақсатында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының кездесулері өтті. Алдымен Қызылорда қаласындағы «Достық үйінде» зиялы қауым, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуге Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Мұрат Әбенов, Жанар Бимұратқызы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы және облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет қатысты. Келесі «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясында» энергетика саласының ардагерлері, жұмысшы мамандарымен өткен кездесуге Құрылтай депутаты Айдарбек Қожаназаров, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Мейрамбек Жұмашев, Энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров және облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов қатысты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Қазалы ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары