СЫРБОЙЫЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР КОРЕЯНЫҢ ІРІ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

    СЫРБОЙЫЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР КОРЕЯНЫҢ ІРІ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары аясында Қазақ-корей дөңгелек үстелі өтті.
    Іс-шараға Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының іскерлік топтары, жетекші компаниялары және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.
    Кездесу барысында инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, жаңа өндірістерді іске қосу және кәсіпкерлік байланыстарды нығайту бағыттары бойынша пікір алмасылды.
    Аталған маңызды іс-шараға Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығы саласында қызмет атқаратын «Агрохимсервис-С» ЖШС директоры Сергей Ким қатысты.
    «Агрохимсервис-С» ЖШС өндірістік қуатын арттыруда бірқатар жобаны жүзеге асырып келеді. Кәсіпорын 2020 жылы жеке қаражаты есебінен минералды тыңайтқыштар өндіру зауытын іске қосты. Жылдық қуаты 30 мың тонна өнім шығаруға есептелген, оның аясында 11 жаңа жұмыс орны құрылды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Қазалы ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары