ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ «ӨНЕГЕЛІ ӨМІРІ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

    ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ «ӨНЕГЕЛІ ӨМІРІ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

    ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ «ӨНЕГЕЛІ ӨМІРІ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ Қазалы ауданында 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай «Өнегелі өмірі – ұрпаққа аманат» атты мерекелік кеш өтті. Салатантты шарада аудан әкімі Алмасбек Есмаханов ел ағалары мен ақ жаулықты аналарды мерейлі мерекемен құттықтап, ізгі лебізін білдірді. - Қазақ халқы қашанда қариясын төріне шығарып, ақсақалын елдіктің темірқазығы санаған. «Қариясы бар елдің – қазынасы бар», «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» деген халқымыздың даналық сөздері аға буынның өмірлік тәжірибесіне деген құрметтен туған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздегі аға буынның еңбегіне әрдайым жоғары баға беріп келеді. Бүгінде елімізде ардагерлерді әлеуметтік қолдау, медициналық және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, олардың белсенді өмір сүруіне жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Қазалы ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары