Шымкент қаласында мобильді еріктілердің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл дағдыларын жетілдіру мақсатында оқу-тәжірбиелік сабақтары өткізілді.
Сабақ барысында еріктілер Жедел-құтқару жасағының жұмысымен танысып, кинологиялық қызмет мамандарымен бірге үйінділер астынан адамдарды іздестіру жұмыстарын бақылап, құтқару шараларына қатысты. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар кезінде дрондарды қолдану тәртібі көрсетіліп, зерттеу өрт- сынақ зертхана жұмысы таныстырылды.
Еріктілер арқанмен жұмыс істеу, екі қырлы еңістен өту, оқу мұнарасының үш қабатына баспалдақ арқылы көтерілу және құтқару дағдыларын тәжірибе жүзінде пысықтады.
Бұдан бөлек, Апаттар медицинасы орталығының мамандары зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша сабақ өткізді.
Өткізілген оқу-тәжірбиелік сабақ еріктілердің төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету дағдыларын жетілдіруге, психологиялық дайындығын арттыруға және құтқарушылармен бірлесіп жұмыс істеу тәжірибесін қалыптастыруға бағытталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









