Біреудің мүлкі ойыншық емес: полиция самокатты бүлдірген оқушыларды анықтады
Көшеде қалдырылған самокат екі оқушының назарын аударған. Балалар жанынан өтіп кетудің орнына, оны аяқтарымен теуіп, бөтеннің мүлкіне зиян келтірген.
Оқиғаны тексеру барысында Өскемен қаласы Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері оқиғаға қатысы бар балаларды анықтады. Олар қалалық мектептердің бірінде төртінші сынып оқитын 10 жастағы екі оқушы болып шықты.
Кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, полиция қызметкерлері оларға мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін және өзгенің мүлкіне құрметпен қарау қажеттігін түсіндірді.
Балалардың заңды өкілдеріне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды. Аталған бап кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамауға қатысты.
Полиция бөтеннің заты ойыншық емес екенін ескертеді. Қызығушылық таныту немесе еркелікке салыну өзгенің мүлкін бүлдіруге себеп бола алмайды. Ата-аналар балаларына әрбір әрекеттің салдары болатынын түсіндіріп, өзгенің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге үйретуі маңызды.
ШҚО ПД баспасөз қызмет і









