Түн — тәуекелге баруға себеп емес: ШҚО полициясы жолдарда профилактикалық жұмыс жүргізуде

    Түн — тәуекелге баруға себеп емес: ШҚО полициясы жолдарда профилактикалық жұмыс жүргізуде

    Түнде көлік жүргізу кезінде қауіпті әрекеттерге жол беруге болмайды. Дрифт жасау, күрт маневрлер мен жылдамдықты асыру санаулы секундта жол-көлік оқиғасына әкеліп, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында Өскемен қаласында «Түнгі қала» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

    Полиция қызметкерлерінің назарында — шулы жарыстар ұйымдастырып, көлікті қауіпті басқаратын және жол жүрісі қағидаларын елемейтін жүргізушілер. Мұндай әрекеттер тек автокөлік тізгіндеген адамның өзіне ғана емес, жолаушыларға, жаяу жүргіншілерге және жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндіреді.

    Полиция жұмысы жолдағы тексерулермен шектелмейді. Қызметкерлер жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, қоғамдық тәртіп пен тыныштықтың сақталуын да қадағалауда.

    Көше — жарыс алаңы емес, баршаға ортақ жол. Мұнда қауіпсіздік әрбір жол қозғалысына қатысушыға байланысты. Әсерлі маневр көрсету үшін тәуекелге бару адам өміріне төнетін қатерге тұрмайды.

    Полиция жүргізушілерді белгіленген жылдамдық режимін сақтауға, қауіпті көлік жүргізуден бас тартуға және айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырады.

    «Түнгі қала» профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты — құқық бұзушылықтардың жолын кесіп қана қоймай, алдын алуға болатын қайғылы жағдайларға жол бермеу.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары