ШҚО-да абаттандыру талаптарының сақталуы бақылауда
«Таза Қазақстан» аясында Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында полиция қызметкерлері абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерін тіркеді.
Қабанбай, Титов және Жамбыл көшелерінде аумақтарды тиісті деңгейде күтпеу, сондай-ақ түрлі заттар мен қалдықтарды жинап қою деректері анықталды.
ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес құқық бұзушыларға ескерту жасалды. Анықталған кемшіліктерді жоюға және аумақтарды ретке келтіруге 10 тәулік берілді.
Тазалықты сақтау — әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Кемшіліктерді уақытылы жою ауыл көшелерінің таза әрі ұқыпты болуына және баршаға қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген.
«Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі









